Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны бірден өсіп кетті

Опубликовано:

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте 258 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 258 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты.

Айта кетсек, кеше 233 адамға осы диагноз қойылған болатын.

Осылайш, 1 тамыздан бері ауырғандардың жалпы саны 34 875-ге жетіп, оның 367-і өліммен аяқталды. Ал жазылып шыққандардың саны 27 676-ге жетті.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам тіркелген еді.

Сондай-ақ, корнавирусқа байланысты Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан орталығының карантинге жабылатынын жазған едік.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының аумағында 11 қазан сағат 00.00 -ден бастап кәсіпкерлік қызмет пен тұрғындарға қатысты айырықша талаптармен шектеу шаралары енгізіледі.

Бұндай тиісті қаулы Мамлют ауданының орталығына да қатысты дайындалып жатқаны белгілі болды.

Бұған дейін өңірдегі Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы карантинге жабылғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай соңғы екі аптада бұл ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878947-elimizde-covid-19-belgileri-bar-pnevmonia-zktyrgandar-sany-birden-sip-ketti/

pixel