Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүшеқаптың орнына целлофан": Қазіргі жастар төсекте қалай қорғануды біле ме

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: ru.freepok.com

Еліміздегі жасөспірімдердің кейбірі 13 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі екен. Мұның соңы түсік жасатумен аяқталса, бедеулік мәселесі тағы бар. Қазір бозбалалар мүшеқаптың орнына клеенка мен қағаз майлық пайдаланса, түсік жасату үшін бойжеткендер дәрігерлерлерден емес, интернет пен әлеуметтік желіден кеңес алады екен. Неге? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды,

Елімізде жыныстық қатынасқа әуес жасөспірімдер көбейіп келеді. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Ойнақтап жүріп 15-16 жаста-ақ от басып, жүкті болатын бойжеткендер көбейген. Алайда, олардың басым көпшілігі дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді екен. Бірден интернет ақтарып, сол жерден кеңес алып, түсік жасататын көрінеді. Дәрігерлер мұны өте қауіпті тенденция деп отыр. Өйткені, "ұяттың" соңы бедеулікке алып келетінінен жастар бейхабар дейді.

"Бізде қаралуға келген жасөспірім қыздардың ең жасы жыныстық қатынасқа түскен, ол 13 жастан болды. Олар ерте түсу себебін өздері де айтқысы келмейді. Әлеуметтік мәселелерге байланысты. Ерте жүктілік жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін, ол 16 мен 19 жас аралығында. Бізде тіркеуде болған 9 жасөспірім қыз бар",- деді №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар орталығының акушер-гинекологы Динара Түсібекова.

Мұндай жағдай урологтарды да алаңдатып отыр. Олардың дерегінше, жыныстық өмірін 15-16 жастан бастайтын бозбалалардың қарасы қалың. Ең сорақысы, жыныстық қатынасқа топтасып түсетіндері де бар екен.

"Себебі олар қалай сақтану керектігін білмейді. Қалай сақтану керектігін білмегенен кейін бір инфекциямен олар топпен дейді ғой, олар топпен қатысқаннан кейін, бір инфекцияны бәрі бір-біріне жұқтырады. Сол жыныстық инфекциямен жұғатын аурулар жастар арасында өте көп",- дейді уролог-андролог Максет Рысбаев.

Уролог маман бәрі отбасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты дейді. Күнкөрістің қамымен таңнен кешке дейін жұмыста жүретін кейбір ата-анана балаларына көңіл бөлетін де уақыт жоқтығын айтады. Олармен "жабық мәселе" жөнінде ашып сөйлеспеудің салдары осындай келеңсіздіктерге әкелуде екен.

"Презерватив, мүшеқап бұл медициналық жағынан кеңес, берілген жиһаз болатын болса, олар болса, әртүрлі мысалы майлықты пайдаланады, әртүрлі клеенканы пайдаланады, әртүрлі химикаттарды пайдаланады",- дейді маман.

Дүниежүзілік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы жүктілік едәуір артқан және соңғы жылдары көбеймесе азаймай отыр. Салдарынан, бесіктен белі шықпай жатып түсік жасататын қыздар да ұлғайған.

"Мұндай сорақылықтың алдын-алу үшін жыныстық өмір туралы балаларға жастайынан тәрбие беру керек, әйтпесе салдары қиын болады" дейді мамандар.

Айта кетейік, осыған дейін әйелдің жүкті ету үшін ер-азаматтар қандай тағам жеу қажет екенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1879140-msekapty-ornyna-cellofan-kazirgi-zastar-tsekte-kalaj-korganudy-bile-me/

pixel