Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы трамвай депосының орнына қонақ үй салына ма

Опубликовано:

Трамвай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Алматыдағы трамвай депосының орнында қонақ үй салына ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұрын бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда бола бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басқармада қонақ үй құрылысына өтініштер жоқ екенін хабарлады. Басқарма өкілдері меншік иесімен байланысқа шыққан, ол өз құрылыстарын ретке келтіріп, қасбетін жөндеуі тиіс

"Олар онда қонақ үй салмайды, бірақ тұтастай алғанда трамвай депосының бүкіл аумағы жоспарланғандай пайдаланылады, қонақ үй кешендері жоқ",- деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

Сонымен қатар, Басқармада депо аумағында Depo Evolution паркінің құрылысы туралы айтылды. Осы жобаны іске асыру бойынша оператор "Қоғамдық даму басқармасы" КММ болып отыр.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында басқарма өз құзыреті шегінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) берді және эскиздік жоба келісілді", - деп хабарлады басқармада.

Айта кетейік, осыған дейін Польшада академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студентін трамвай қағып кетті. 19 жастағы ару алған жарақаттарынан көз жұмғанын хабарлаған едік.

Қаза болған 19 жастағы студент қыз экономика факультетінің екінші курсында оқыған.

"Қаза болған қыз расымен біздің студент болатын. Оның отбасы мен барлық туыстарына көңіл айтамыз. Ол ең үздік оқушылардың бірі еді", – делінген университеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879156-almatydagy-tramvaj-deposyny-ornyna-konak-j-salyna-ma/

pixel