Әміржан Қосановтың анасы өмірден озды
Жарияланған күні:
Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы, ақын Шөмішбай Сариевтің әпкесі Аққыз Қосанова өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әміржан Қосанов анасының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды желіде өзі жеткізді.
"Жас кезімде "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңімде:
"...Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым -
Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Аққыз Қосанова 82 жасында көз жұмды.
Біраз уақыт бұрын саясаткер анасының инсульт алып, ауруханаға түскенін жазған болатын.
KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы Қосановтар әулетіне қайғыра көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879235-mirzan-kosanovty-anasy-mirden-ozdy/