Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны көбейді

Опубликовано:

тәжвирус ем
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

Кеше, 12 қазан күні Қазақстанда пневмониядан екі адам, ал коронавирустан үш адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми ақпарат бойынша, бір тәулікте пневмонияға тек төрт адам шалдыққан, ал 10 адам аурудан айығып, ауруханадан шығарылған. Қазақстанда 12 қазан күні коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониядан екі науқас қайтыс болды.

Жалпы 1 тамыздан бері пневмонияға 34 913 адам шалдығып, 370-і қайтыс болған. 27709 қазақстандық ауруды жеңіп шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің telegram арнасы 12 қазан күні үш адам коронавирус инфекциясы құрбанына айналғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.",- деді ведомство.

Айта кетейік, күні кеше тағы 70 адамнан коронавирус инфекциясы расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879260-kazakstanda-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kz-zmgandar-sany-kbejdi/

pixel