Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында интимдік қызмет көрсетуге жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ1
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда интимдік қызмет көрсетуге жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстаған.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді.

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері массаж қызметін көрсеткен коттеджді әшкерелеген болатын. Полицияның айтуынша, салондағы қыздар клиенттерге тек қана массаж жасап бермей, ақысына интимді қызмет те көрсеткен.

Оған қоса, елордада полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін, сондай-ақ боди-массаж қызметі бар мекемелерді анықтау мақсатында рейдтер жүргізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879341-almaty-oblysynda-intimdik-kyzmetter-krsetuge-zigitterdi-synatyn-zegetaj-staldy/

pixel