Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Исаев Қырғызстан парламентінің жаңа спикері болып сайланды

Опубликовано:

Қанат Исаев
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қырғызстандық парламент жаңа спикерін сайлады. Лауазымды орынға "Қырғызстан" фракциясының депутаты Қанат Исаев келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жогорку Кенеш отырысына қатысқандардың барлығы өз даусын Қанат Исаевқа берді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сонымен қатар, парламент мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков енгізген ТЖ режимін бекітті.

Республика аумағына осы жылдың 19 қазанына дейін төтенше жағдай режимі енгізу үшін 62 депутат дауыс берді. Жогорку Кенеш отырысы бұл жолы "Ала-Арча" резиденциясында өтті.

Айта кетейік, Қанат Исаев бұл орында отставкаға кетуді шешкен Мықтыбек Абдылдаевты алмастырды.

Оған қоса, бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митинг болған күні тергеу изоляторынан не үшін шыққанын айтқан болатын. Белгілі болғандай, бұрынғы мемлекет басшысы қамаудан өз еркімен шықпаған. Ол ҮҰК басшылығының табабы бойынша босатылған.

Сонымен қатар, Атамбаев тергеу изоляторынан халыққа мәлімдеме жасады. Ол елдегі саяси оқиғаларға қатысты өз пікірін білдірді. Мәтін Fаcebook желісіндегі "Накта СПДК" парақшасында пайда болды. Атамбаев отандастарын Қырғызстан тарихының соңғы 15 жылында қандай саяси оқиғалардың орын алғанын еске түсіруге шақырды.

Оның пайымдауынша, жаңа парламенттік сайлау белгіленіп, онда тек партия аттары мен адамдардың тегі ауысады, ал жағдай сол қалпы қала береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1879410-kanat-isaev-kyrgyzstan-parlamentini-zaa-spikeri-bolyp-sajlandy/

pixel