Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы академиясында шу шықты

Опубликовано:

ІІМ академиясындағы жемқорлық жіпке тізілді
Фото: kpa.gov.kz

Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының курсанттары топтасып төбелесті деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

КТК арнасы келтірген мәліметтерге қарағанда, жаға жыртысқан – түнгі клуб күзетшілері мен академияның 3-курсының курсанттары. Жұдырықтасқандарымен қоймай, пышақ жарақаттарын да алыпты-мыс.

ІІМ академиясындағы жемқорлық жіпке тізілді
Видеодағы кадр: КТК арнасы

Түнгі клубтың қожайыны аталған іс бойынша тергеудің енді басталғанын айтады. Өзі төбелесті көрмеген, күзетшілер де оған қатысуы мүмкін емес дейді ол.

"26-сы күнгі болған оқиға, екі аптадан кейін келіп жаңағы шаруа туралы жауап алып жатыр. Бір болжамы, мына жерде күзетшілермен төбелескен дейді. Күзетшілер жабылған дейді. Ондай болған жоқ. Менде күзет жоқ, бәрін алып тастағанмын. Клубты өзім қараймын. Курсанттар дейді, білмейсің ғой, кімнің кім екенін. Мына жақта кейде өздері төбелесіп жатады, жастар ғой енді, ішіп алады", – дейді түнгі клуб қожайыны Еркебұлан Сүлейменов.

Оқиға 26-қыркүйекте болған. Ақпарат желіге тарған соң, оқу орнына шұғыл түрде Ішкі стер министрлігінен арнайы комиссия келген. Жергілікті полиция да тексерісті бастаған.

"Таралған ақпарат бойынша өндірістік іс қозғалды. Қарағанды полиция департментінің жеке құрам бойынша инспекциясы тексеріс бастады. Министірліктен комиссия келді. Осыдан басқа айтарым жоқ. Тексеріс қорытындысын кейін хабарлаймыз", – дейді ІІМ Қарағанды академиясы бастығының орынбасары Юрий Колесников.

Сонымен қатар академия оқытушылары академия басшылығына қатысты президенттен бастап, жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ішкі істер министрінің атына хат жазып, онда оқу орнындағы 5 нысананың құрылыс және жөндеу жұмыстарын бір ғана фирманың ұтып алғанын айтқан.

Алайда қаражат толық аударылғанымен, жұмыстар аяқталмапты. Оның үстіне жаңа басшы мұғалімдерді қудалап, білікті мамандар жұмысын тастап кетіп жатқаны да айтылған.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, Маңғыстау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жетекшілерінің үстінен ұжымдық арыз жазған болатын. Полицейлер басшылық тарапынан психологиялық қысым жасалатынын айтқан еді.

Оған қоса, әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, бастығы жерлеу рәсіміне байланысты тұтқындалған азаматты босатуға мәжбүрлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879490-iski-ister-ministrligini-karagandydagy-akademiasynda-su-sykty/

pixel