Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаркенттік жігіттер": Сөмке толы ақша мен қару ұстаған жігіттің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Сөмке толы ақша мен қару
Видеодан кадр: instagram.com/100baksoff_

Әлеуметтік желіде автокөлік салонында түсірілген видео пайда болды. Жолаушы камераға бірнеше бума ақша мен қару салынған сөмкесін көрсеткен. Алматы облысының полиция департаменті желідегі кадрларды зерттеп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода жолаушылар орындығында отырған жігіт көрсетілген. Оның жанында Калашников автоматына ұқсас зат тұр.

Кейінірек, камераның объективі ер адам қолына ұстап отырған сөмкеге бағытталады.

Жас жігіт сөмкені ашып, ішіндегі қару мен бума ақшаны көрсетеді. Видеода көлік ішінде отырған бір адамның "Жаркенттік жігіттер" деген сөзі естіледі.

Бейнежазба полицияның назарына ілікті.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар видеоны зерттеген. Қазір Панфилов ауданының құқық қорғаушылары ролик авторы мен кадрдағы адамдарды анықтау үшін тексеру шараларын жүргізуде.

Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шара қолданылады.

Еске сала кетсек, Алматы облысы Кербұлақ ауданында жауып тұрған қарға қармастан, жол төселіп жатқаны туралы видео тарап кеткен еді.

Талқыға түскен жолға байланысты Кербұлақ аудандық әкімдігі де пікір білдірген. Мекеме видеоның Шаған ауылындағы жолда түсірілгенін айтты.

Сондай-ақ, Алматы облысында бірінші арызданушыдан 400 000 теңге, екіншісінен 240 000 теңге алып, тағы 600 АҚШ долларын беру керектігін айтып, бопсалаған төрт адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879574-zarkenttik-zigitter-smke-toly-aksa-men-karu-stagan-zigitti-videosy-pajda-boldy/

pixel