Ақтөбеде жасөспірімдер ресейлік көліктерді ұрлап, сатумен айналысқан
Опубликовано:

"Астана" телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер 6 ұрлық жасаған. Одан бөлек, қолға түскен үш адамның екеуі 18-ге толмағаны анықталды.
Полиция жігіттер түнде "іске" барып, ұрланған көліктерді сатып отырғанын мәлім етті.
Күдіктілер кезекті көлікті ашып жатқан уақытта ұсталды.
Барлық күдіктілер үй қамағына алынды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылған.
"3 адамнан тұратын топ ұсталды, оның екеуі кәмелетке толмаған балалар және біреуі Ақтөбе қаласы колледждері бірінің 2-курс студенті. Қылмыстың бұл түрін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған", - деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысының орынбасары Әсет Қалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген еді.
Тергеу нұсқасы бойынша, елордалық банктердің бірінің менеджері бірнеше ай бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Полицияның ақпарынша, ол салымшыларға арналған түрлі банк операцияларын жүргізе отырып, бір уақытта ақша ұрлаумен айналысқан.
Айта кетейік, Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың шағымдарынан кейін коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізген болатын. Қадағалаушы орган олардың қызметіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879675-aktbede-zasspirimder-resejde-sygatyn-klikterdi-rlap-satkan/