Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскте жантүршігерлік апаттан қаза тапқан полицейлер туралы тың ақпарат шықты

Опубликовано:

Жантүршігерлік апатта қаза тапқан полицейлер тың ақпарат шықты
Қанат Отарбаев и Қанат Хамидуллин. Фото: Ақмола облысы ПД

Бүгін таңертең Щучинск қаласында жантүршігерлік апат орын алып, жол-көлік оқиғасында екі полиция қызметкері қаза тапты. Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған әріптестері туралы мәлімет берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 қазанда таңертең Lexus пен қызметтік автокөлік соқтығысып, 38 жастағы Қанат Отарбаев пен 33 жастағы Қанат Хамидуллин қайтыс болды.

Екеуі де – полиция капитандары. Бурабай аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істеген.

Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен 2013, 2014 және 2017 жылдары туған үш баласы қалды. Оның құқық қорғау органдарындағы қызметінде 22 марапаты болған (2005 жылдан бастап).

Полицияда 2009 жылдан бері қызмет етіп келген Қанат Хамидуллин 23 рет марапатталған. Оның артында 2013 жылы туған бір ұлы қалды, ал әйелі жүктіліктің 8-ші айында екені белгілі болды.

Көз жұмған тәртіп сақшыларының әріптестері олардың ізгі қасиеттерін еске алып, қайғылы жағдай ауыр күйзеліске салғанын жасырмады.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиға болған кезде тәртіп сақшылары ұрлық болған жеке сектордан келе жатқанын жеткізді.

Бөлім қайтыс болған әріптестерінің жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.

Еске сала кетейік, жол апаты 15 қазан күні таңертең болған. Бақылау камералары жантүршігерлік апат болған сәтті түсіріп алды. Кадрларға қарағанда Lexus маркалы автокөлік қызметтік көлікті қатты жылдамдықпен келіп соққан. Апат салдарынан Lada-21214 көлігінде отырған полиция қызметкерлері оқиға орнында қайтыс болды.

Айта кеткен жөн, жүк көлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы "Астана Опера" театры маңындағы көпірмен соқтығысқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1879767-sucinskte-zantrsigerlik-apattan-kaza-tapkan-policejler-turaly-ty-akparat-sykty/

pixel