Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағзаға инфекция енуі мүмкін": Қол жумайтын адамдар қандай ауру жұқтырады

Опубликовано:

қол жуу1
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін әлемнің көптеген елдерінде Бүкіләлемдік қол жуу күні аталып өтуде. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы Жедел медициналық көмек станциясының эпидемиолог-дәрігері Баян Оспанова тазалық пен гигиеналық дағдылардың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Баян Оспанованың сөзінше, күн сайын адамдарда терінің жаңа қабаты құрылады. Ол 2 апта сайын жаңарып отырады екен.

"Біздің терімізде көптеген түрлі микроағзалар бар. Оларды резиденттік флора деп атаймыз, яғни өз микробтарымыз теріде өмір сүріп, көбейе алатын флора. Барлық адамның жеке резиденттік микрофлорасы болады. Бірақ, адамдар түрлі заттарды ұстағанда, транзиторлық микрофлора пайда болады. Яғни тері үстінде инфекциялық микробтар қалуы мүмкін. Сол мақсатта осы транзиторлық микрофлораны жою үшін қолды міндетті түрде мұқият жуу керек", - дейді маман.

Дәрігер қол жуылмаса, транзиторлық микрофлора шырышты қабатқа түсуі мүмкін екенін айтады. Ал бұл өз кезегінде түрлі ауруларға әкеп соғуы мүмкін.

"Мәселен, көздің шырышты қабатына түссе – конъюктивит, мұрын мен ауызға түссе – ринит, фарингит, стоматит сынды инфекциямен байланысты аурулар туындауы мүмкін. Мәселен, дәретханадан кейін қол жуу керек деп неге айтамыз? Өйткені, онда ішек флоралары болуы мүмкін, олар адам ағзасына енсе, дизентерия, сальмонеллез, энтерит сынды ішек инфекциялары өршуі мүмкін. Сосын тамақ ішер алдында да қол жуу керек. Себебі, ыдыс-аяқты ұстағанда да ағзаға инфекция енуі мүмкін", - дейді Баян Оспанова.

Дәрігер коронавирус инфекциясы да зат үстінде салыстырмалы түрде ұзақ уақыт сақталатынын атап өтті. Егер маска тағып, қол жумайтын болсақ, еш қорғаныс болмайтын көрінеді.

"Өйткені адамдар масканы бір тағады, бір шешеді. Кей адамдар бір масканы күні бойы тағып жүреді. Үйге кіргенде қалтасына салады да, сыртқа шыққанда сол кір масканы алып киеді. Сол лас ауамен дем алады. Яғни, жуылмаған қолдан вирустық, ішек инфекциялары, тіпті тамақтан улану қауіптері бар", - деді Баян Оспанова.

Айта кетейік, бұған дейін танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровский коронавируспен мүлдем ауырмайтын адамдар жайлы айтқан еді.

Содай-ақ еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879845-agzaga-infekcia-enui-mmkin-kol-zumajtyn-adamdar-kandaj-auru-zktyrady/

pixel