Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат-2-ге" қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Елші
Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозер Борат туралы танымал комедияның екінші бөлімінің шығуына қатысты пікір білдірді. Елшімен сұхбатты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram-дағы ресми аккаунты жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kazakh TV телеарнасының тілшісі Мозерден сұхбат алған. Сұхбат барысында ол коронавирус пандемиясының Қазақстан экономикасына әсері туралы пікірімен бөлісіп, қазақстандықтарға виза беру туралы, сонымен қатар елдегі бейбіт наразылық акциялары туралы ойын ортаға салған.

Одан бөлек, сұхбат алушы елшіден атышулы "Борат" фильмнің екінші бөліміне қатысты пікірін сұраған.

"Ол америкалықтардың Қазақстанды қалай қабылдайтынына әсер етіп жатыр ма? Бұл біздің елдің АҚШ-тағы имиджіне қалай әсер етеді деп ойлайсыз?" - деп сұрады журналист.

Мозер фильмнің бірінші бөлімін әлі толық көрмегенін мойындады - тек оның үзінділерін ғана тамашалаған екен.

"Бұл қанша дегенмен жай ғана фильм. Адамдар кинотеатрға барып, оны көреді, бар болғаны сол. Бірақ есіңізде болса, мен АҚШ-та тұратын он мыңдаған қазақстандықтың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын, олар - нағыз елшілер. Адамдардың ел туралы түсінігі және ол туралы не ойлайтыны жеке байланыстар негізінде қалыптасады. АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері көп, олар - өз елдерін таныстыруға лайық адамдар. Кез келген бір рет көрілген немесе көрілмеген фильмдерге қарағанда, адаммен тікелей қарым-қатынас көбірек есте қалады", - дейді Уильям Мозер.

Еске салсақ, бұған дейін Қазнет қолданушылары #CancelBorat хэштегін іске қосқанын хабарлаған болатынбыз. Өз жазбаларында мыңдаған қазақстандық Қазақстан туралы деп түсірілген америкалық "Борат-2" фильмінің шығуына наразылықтарын білдірген.

Одан бөлек, желіде "Борат" атты әжетхана қағазын жарнамалайтын ролик пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879952-aks-ty-kazakstandagy-elsisi-borat-2-ge-katysty-pikir-bildirdi-video/

pixel