Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты қайтыс болды

Опубликовано:

Депутат
Фото: Қазақстан парламентінің ресми сайты

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті. Ақпаратты парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай, Щегельский 17-қазан күні 51 жасында кенеттен жүрек талмасынан көз жұмған.

Осы орайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды ауыр қайғымен қабылдадым. Ол ерекше адами және кәсіби қасиетке ие, кез-келген нәрсеге мұқият қарайтын өте жауапты және еліміздің нағыз патриоты болатын", - деді Нығматулин.

Ол Шегельскийдің Қазақстанның заңнамалық базасын жетілдіруге елеулі үлес қосқанын жеткізді. 

"Осы қиын сәтте оның туыстары мен жақындарына бүкіл депутаттық корпустың және жеке өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Сенімді әріптес, пікірлес, мәжіліс депутаты Глеб Анатольевич Щегельский туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталатын болады", - деді мәжіліс төрағасы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болып, соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмғанын жазған едік.

Олар Бурабай аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істеген. Екеуі де – полиция капитандары.

Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен 2013, 2014 және 2017 жылы туған үш баласы қалды. Оның құқық қорғау органдарындағы қызметінде 2005 жылдан бастап 22 марапаты болған.

Ал полицияда 2009 жылдан бері қызмет етіп келген Қанат Хамидуллин 23 рет марапатталған. Оның артында аяғы ауыр жұбайы мен 2013 жылы туған бір ұлы қалды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев марқұм полицейлердің жанұясына көңіл айтқан болатын.

Кейінірек жол апаты туралы жаңа дерек шықты. Сот химиялық - токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сай, қызметтік көлікпен соқтығысуға жол берген Lexus автокөлігінің жүргізушісі орташа дәрежеде мас күйінде болған.

Қазірт бұл іске қатысты Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл бапта 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880138-mzilis-deputaty-kajtys-boldy/