Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам көз жұмды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі 18-қазанға арналған коронавирус нфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты ұсынды. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде қауіпті дерттен төрт адам қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
"Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған едік.
Оған қоса, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында, 17 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин талабы қатаңдатылды.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында да карантин шаралары күшейтілді. Бас санитар дәрігерлердің тиісті қаулысы жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880148-kazakstanda-koronavirus-infekciasynan-tagy-4-adam-kz-zmdy/