Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салынды

Опубликовано:

футбол жастар құрамасы
Фото: kff.kz

Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңа шектеулерге сәйкес, қазақстандық спортшыларға ел аумағынан шығуға тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, шектеу шараларының енгізілу себебі – коронвирус инфекциясының қарқынды таралуы деп жазды Sputnik Қазақстан.

"Әлемдегі аурудың өсіміне байланысты шекарадағы бақылауды күшейту мақсатында спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін ел аумағынан шығуына тыйым салынды", – деді Алексей Цой Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн-кездесу барысында.

Бұдан бөлек, Германия, БАӘ, Украина және Беларусь елдеріне әуе рейстерінің саны қысқартылды.

Сондай-ақ екіжақты халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу шарасы енгізілмек.

Еске салсақ, 6 қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бақылау күшейтілді.

Мәселен, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы режимді күшейту және мегаполисті шетелден коронавирус әкелуден қосымша қорғау бойынша шаралар қабылданған болатын.

Атап айтқанда, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайының аумағында халықаралық әуе рейстерімен келетін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізіледі.

Айта кетейік, еліміздің бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде өзге елдің азаматтары қолдарында COVID-19-ға алынған тесттің нәтижесі 72 сағаттан аспағанын көрсететін анықтама болмаған жағдайда, қалаға кірулеріне жол берілмейді.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 406-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880167-kazakstandyk-sportsylarga-setelge-syguga-tyjym-salyndy/