Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та кию міндеттелді

Опубликовано:

Өзбекстандағы қоғамдық көлік
Көрнекі фото: Sputnik / Рамиз Бахтияров

Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 қазаннан бастап жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Ташкент көлік басқармасының айтуынша, 2020 жылдың 17 қазанынан бастап қоғамдық көлік жолаушылары, автобус, метро, таксиді қоса алғанда медициналық маска мен қолғап киюге міндетті.

Ведомство бұл шара карантиндік шаралар мен санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Ақпаратқа сүйенсек, ереженің сақталуын жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлері қадағалайтын болады.

Айта кетейік, бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандар ресми анықталмады деп мәлімдеген Түркіменстанда полиция маскасыз көшеде жүргендерді ұстап, айыппұл салып жатқаны хабарланған болатын.

Ал төлей алмағандарды мақта алқабына шығарып, жұмысқа салып жатқан көрінеді.

БАҚ-тың жазуынша, айыппұл төлмей алмағандардың әрқайсысы 40 келіден мақта теруге міндетті.

Сонымен қатар Италияда атастырылғандарына екі жыл болған ер адам мен оның сүйіктісі маскаларын шешіп, сүйіскені үшін айыппұл арқалаған еді.

Белгілі болғандай ер адам мен қалыңдығы мейрамханаға бара жатқан жолда маскаларын шешіп, сүйіскен. Жергілікті биліктің қаулысына сәйкес, адамдар бір-біріне жақын тұрған кезде қорғаныш құралдарын тағулары керек. Бұл бірге тұратын азаматтарға міндетті емес.

Алайда құқық қорғаушылар қос ғашықтың әртүрлі мекен жайда тұратынын анықтаған. Олардың атастырылып, тығыз байланыста екендігіне қарамастан 400 еуро (201 мың теңгеге жуық) айыппұл салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1880267-taskentte-kogamdyk-klikte-maskamen-birge-kolgap-ta-kiu-mindetteldi/

pixel