Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бизнес-орталықтан табылған қара сөмке қызметкерлерді шошытты

Опубликовано:

Бизнес орталық
Фото: Sputnik / Тимур Ниталиев

Алматыдағы "Қаратал" бизнес орталығынан күдікті қара сөмке табылып, ғимараттағы адамдар тез арада эвакуацияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бизнес орталықтың тез арада эвакуацияланғаны жайлы Sputnik Қазақстан басылымы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлаған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, эвакуация 19 қазанда сағат 12:40-та басталған.

Бизнес орталықтың кеңселерінде жұмыс істейтін 300-дей адам ғимараттан шығарылған.

Ал эвакуациялау жқмысарына бірінші қабатта жатқан сөмке себеп болған. Алайда сөмкенің ішінде заттар болыпты. Оның иесі табылып, қызметкерлер жұмыстарына оралған.

Еске сала кетсек, Алматы көшелерінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталған еді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде қолында қаруы бар ер адамның видеосы анықталған.

Алатау ауданы ПБ қызметкерлерінің анықтауынша, ол 1992 жылы туған азамат. Ер адам үй-күйі жоқ, ішімдікке тәуелді адам ретінде тіркелгені белгілі болған.

Сондай-ақ оның қолындағы тапанша ойыншық екені, дәл сол сәтте мас болғаны анықталды.

Сонымен қатар Алматы қаласында Kaspi Bank филиалына қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.

Банктің мәліметінше, оқиға 15 қазанда, яғни бейсенбі күні болған. Банк бөлімшесіне екі қарулы қарақшы жұмыс күнінің соңында онда клиенттер болмаған кезде келген. Филиал қызметкерлерін қорқытып, олар 2 миллион теңгені қолды қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880304-almatyda-biznes-ortalyktan-tabylgan-kara-smke-kyzmetkerlerdi-sosytty/

pixel