Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде
Опубликовано:

Қазан айының үшінші онкүндігінің басына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Еліміздің басым бөлігінде 20-21 қазан аралығында ауа-райы жауын-шашынсыз және жылы болады деп күтілуде.
Алайда кезекті солтүстік-батыс циклонының келуіне байланысты кей өңірлерде жауын-шашын болады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік диетолог-дәрігер әрі аллерголог-иммунолог Марина Аплетаева күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер бар тағамдарды пайдалану керектігін айтып берген еді. Марина Аплетаеваның айтуынша, маусымдық аурулардан қорғануда адам ағзасы үшін бета-каротиннің рөлі ерекше.
Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз. Ресми мәліметтерді Coronavirus2020.kz Telegram-каналы жария еткен.
Сонымен қатар коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын фактор анықталғанын жазған едік.
Сол арада, Қазақстанда INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеудің бағасы 9 мың теңгеге дейін арзандатқанын жазған болатынбыз. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен клиникалық диагностикалық зертханалар тиісті актіге қол қойғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880471-elimizdi-soltstiginde-kar-aralas-zabyr-zauady-dep-ktilude/