Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкек мэрі екінші рет отставкаға кетуге өтініш берді

Жарияланған күні:

Азиз Суракматов отставкаға кетті
Фото: 24.kg

Бішкек мэрі Азиз Суракматов отставкаға қайта өтініш берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпаратты муниципалитет аппаратының бірнеше қызметкері растады. Бұл жайында Азиз Суракматов ресми түрде бүгінгі баспасөз конференциясында мәлімдеуді жоспарлап отыр деп жазады 24.kg басылымы.

Осыған дейін Суракматов отставкаға өтініш берген. Ол 6 қазан күні өтініш жазып, қызметінен кеткен. Алайда, 8 қазан күні қашықтан жұмыс істегенін айтып, жұмыс орнына қайта оралды.

Бүгін бірінші вице-мэр қызметіне қаланың бұрынғы басшысы Нариман Тюлеев тағайындалғаны белгілі болды. Ол мэр міндетін Бішкек қалалық кеңдс епеутаттары ресми түрде бекіткенге дейін атқарады.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды.

Ал Сооронбай Жээнбеков осыған дейін Қырғызстан тарихында қан төккен және өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғысы келмейтінін алға тартты. Сол себепті де отставкаға кету туралы шешім қабылдады.

Ел конституциясына сай Қырғызстан президентінің міндетін уақытша парламент спикері Қанатбек Исаев атқаруы тиіс еді.

Алайда, 15 қазан күні өткен митингіде Қырғызстан премьер - министрі Садыр Жапаров жақтастарының алдында президент өкілеттігі өзіне берілгенін мәлімдеді. Ол парламент спикері Қанатбек Исаев президент міндетін атқарудан бас тартқанын, ҚР Конституциясына сәйкес, мұндай жағдайда президент өкілеттігі өзіне өтетінін алға тартты.

Ал Қырғызстанның экс премьер-министрі Феликс Кулов Сооронбай Жээнбековті отставкаға кетуге әлдекімдер мәжбүрлегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880516-biskek-meri-ekinsi-ret-otstavkaga-ketuge-tinis-berdi/