Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалуда

Жарияланған күні:

қала вирус маска
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі үкіметтің онлайн-отырысында коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.

Оның мәліметінше, "СҚ-Фармация" жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге коронавирусты емдеуге арналған тапшы және үлкен сұранысқа ие препараттардың 44 түрін сатып алуда. Бұл дәрі-дәрмектер айына шамамен 60 мың науқасты емдеуге жетуі тиіс.

"Қор көлемі Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-дің екінші толқыны жағдайында қауіпсіздік көпшігін құруға арналған болжамына сәйкес баға ұсыныстарынан тыс сатып алынады. COVID-19 індетін емдеуге арналған екі айлық дәрі-дәрмектер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында сақталады. Осы сағатқа 5,92 млрд теңгеге 37 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл шара мүмкін болатын екінші толқын үшін коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің резервін қалыптастырады және қажеттіліктер мен аурудың өсімін жоспарлау мәселелерін шешеді", – деді министр.

Барлық өңірлерде 13 миллиардтан астам теңгеге дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды, сондай-ақ 1,5 мың өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынып, 300-ге жуық облыстық ауруханаларға жеткізілді.

Сонымен қатар әкімдіктер елуден астам рентген аппараттарын жеткізуге келісімшарт жасасты.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен оның белгілері бар пневмонияның асқынуынан тағы сегіз өлім жағдайы тіркелді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде бір тәулік ішінде тағы 115 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880536-densaulyk-saktau-ministrligi-koronavirusty-ekinsi-tolkynyna-kalaj-dajyndaluda/