Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тойды тоқтатпақ болған полицейлерге күзетші қарсылық көрсеткен (видео)

Опубликовано:

Мейрамханадағы той
Видеодан кадр: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбенің Заречный-2 тұрғын ауданында той өтіп жатқан мейрамхананың күзетшісі полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, 17 қазанда учаскелік инспекторларға Заречный-2 тұрғын ауданындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойы өтіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары аталған орынға барып, тойдың үстінен түскен. Мейрамханада шамамен 60 адам болған.

Алайда мейрамхана күзетшісі тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Ол сотта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау туралы әкімшілік іс қаралғанға дейін қамауға алынған.

Сондай-ақ, санитарлық ережені бұзғаны үшін ғимарат иесіне қатысты материал жиналған. Шешім қабылдау үшін материал санитарлық дәрігерлерге жіберілген.

Тәртіп сақшылары ертесіне дәл сол ауданда 60 адамға той өткізген тағы бір мейрамхананы анықтаған. Ол ғимараттың иесіне қатысты әкімшілік материал жиналған.

Айта кетсек, елімізде коронвирус індетіне байланысты той, басқа да отбасылық жиындарды өткізуге тыйым салынса да, мерекелік шаралар тоқтамай тұр.

Мәселен Таразда, Ақтөбеде, Ақтауда жасырын той жасағандар туралы жазған едік.

Сонымен қатар Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында полицейдің формасын киіп, қонақтардың көңілін көтерген асаба туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880555-aktbede-tojdy-toktatpak-bolgan-policejlerge-mejramhana-kzetsisi-karsylyk-krsetken-video/

pixel