Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылды

Опубликовано:

Қылмыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте 18-шағын аудандағы үйлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылды. Адам өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігіт қамауға алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 19 қазанда күндіз кезекші бөлімге пәтерден белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Полицейлер оқиға орнына шұғыл аттанған. Марқұмның кім екені анықталған. Ол Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Тексеру кезінде қыздың денесінен буындырудың іздері табылған. Сарапшылар жас қыздың өлімі тұншығудан болғанын растап отыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады. Күдікті тез арада қолға түсті. Ол Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Жас жігіт қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің денесі 20 күннен кейін Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылғанын жазған едік.

Жабайы аң-құстар әбден талап тастаған әйел денесін туыстары әрең таныған. Алайда криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтаған. Полиция күдікті ретінде жергілікті екі тұрғынды тұтқындаған.

Айта кетейік, бұған дейін осы жылдың 9 қыркүйегінде Алматыда жоғалып кеткен әйел адамның денесі табылғанын хабарлаған едік. Марқұмның денесін кинолог ит тауып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880601-symkenttegi-pterlerdi-birinen-20-zastagy-kyzdy-denesi-tabyldy/

pixel