Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Маңғыстау облысында жалған шетелдік валютаны айырбастаған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

"Айыпталушы 2020 жылдың басында тауып алған 1500 АҚШ долларының жалған ақша екенін біле тұра, 1000 доллармен таныстарынан алған қарызын өтеген. Ал қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан "Халық Банкнің" кассасында айырбастамақ болған. Бірақ сол жерде қолға түсті", - дейді тергеушілер. 

Аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігі бойынша ("жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан азаматы АҚШ-та 50 миллион долларлық контрабанда жасады деген айыппен қамауға алынғаны туралы хабарлаған едік. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстандық, ресейлік және үш америкалық азаматтың Ресейге құны 50 миллион доллардан асатын электрониканы заңсыз әкелген деген айыппен ұсталғаны туралы ТАСС агенттігі Нью-Йорктің Шығыс округі бойынша прокуратурасының арызына сілтеме жасап мәлімдеді.

Сондай-ақ, Алматыда ер адам банк бөлімшесіне балтамен шабуыл жасап, тонап кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880607-magystauda-500-dollar-ajyrbastauga-bargan-jel-5-zylga-trmege-kamaldy/

pixel