Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана LRT" ісі: Алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

Үлкен дауға айналған елордадағы LRT ісі бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазанда өтетін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«LRT құрылысына қатысты қаражатты жымқыру бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазан күні сағат 10.00-де басталады. Сотталушылар ретінде қаланың Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов, бұрынғы депутат әрі мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, «Astana Innovations» АҚ бұрынғы басшысы Талғат Әшім, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Ұлықбек Әшімов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Әбдізхамитов жауап береді», - деп мәлімдеді соттан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша елорда әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқа да лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдағаны туралы жазған болатынбыз.

Тергеу жұмыстары жобадағы құны миллиардтаған ұрлықты ашып, осы іс бойынша күдікті деп танылған бес адамды қамауға алынды.

Сонымен қатар, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтандағы жерүсті метросының құрылысына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880613-astana-lrt-isi-algasky-sot-otyrysy-kasan-tetini-belgili-boldy/