RU

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісі1
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылдың 21 қазанында таңертең Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр қаладан 300 шақырым жерде орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ("СТӘЭ" ЖШС) сайтынан алынған жедел мәліметтерге сәйкес, жерасты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен 5 сағат 8 минут 4 секундта тіркелген.

Алматы сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығының кезекші операторы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 386 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқанын хабарлады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы MPV 5.0. Жер сілкінісінің эпицентрі 41.27 °солтүстік ендікте және 73.02 ° шығыс бойлықта орналасқан. Сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпулерінің тереңдігі шамамен 5 шақырымды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда бірнеше күнде үш жер сілкінісі болғанын жазған едік.

Сонымен қатар жерасты дүмпулерін сезгеннен кейін қалай әрекет ету керектігін жазған болатынбыз.

Мамандардың пікірінше, алдмен арнайы дайындалған қажеттінің бәрі салынған рюкзакты алу керек. Егер ондай рюкзак болмаса, өзіңізбен бірге тек құжат пен ақша, ауыстыратын киім алыңыз. Егер мүмкіндік болса, электр қуаты мен суды өшіріп кеткен дұрыс. Егер бірінші қабатта тұрсаңыз ғимараттан шығу қажет. Одан жоғарғы қабатта тұратын адамдарға ең қауіпсіз орындарға жайғасуға кеңес беріледі. Олар міндетті түрде басын қолымен қорғап, жабуы керек.

Сонымен қатар дүрлігуге, есіктен өтер жолда топтасуға, лифтіні қолдануға, балконға немесе сатыға көтерілуге, терезеден немесе балконнан секіруге, электрді қосуға, сіріңкені қолдануға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880626-almaty-maynda-zer-silkindi/