RU

Қазақстанда тағы 143 адамнан коронавирус анықталды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылдың 20 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 143 жағдай тіркелді",– делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласында - 14552(+13),

Нұр-Сұлтан қаласында -14338(+29),

Атырау облысында - 11220(+11),

Қарағанды облысында - 10432(+16),

Шығыс Қазақстан облысында - 9049 (+19),

Батыс Қазақстан облысында - 6929(+5),

Алматы облысында - 5042(+14),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4317(+8),

Жамбыл облысында - 4158(+3),

Павлодар облысында - 4083(+10),

Ақмола облысында - 3579(+6),

Қостанай облысында - 3557(+5),

Маңғыстау облысында - 3373(+1),

Ақтөбе облысында -3273(+3).

Жалпы ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 109 766-ға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеген болатын. Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының тәуліктегі өсімі – 0,05%.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.

Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880644-kazakstanda-tagy-143-adamnan-koronavirus-anyktaldy/