Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық турнирде асыл тұқымды ат мәреге жеткенде өліп кетті (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен республикалық турнирде асыл тұқымды ат өлді (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордада ұлттық ат спорты түрлерінен өткен республикалық турнир кезінде асыл тұқымды сәйгүліктің бірі "үлкен аламан" бәйге кезінде мәреге жетіп, өліп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, турнирге қатысып жатқан ат мәреге жеткенде кенеттен теңселіп, жерге құлап түскен. Оның аяқ астынан өлген сәті камераға түсіп қалған.

Телеарнаның мәліметінше, "үлкен аламан" бәйге нағыз тұлпарлар сыналатын жарыс. Бұл сында 31 қатысушының тек 17-сі ғана 25 шақырымдық қашықтықты еңсере алған.

Орын алған жағдайға ат спорты бойынша жаттықтырушы Секенай Бөбекбай пікір білдірді.

"Ол құлап өлді, демек дайын болмаған. Бұған жаттықтырушы кінәлі. Демек, ол жылқының жан дүниесін сезінбейді. Егер бапкер жақсы болып, жануарды тиісінше баптаса, ат өлмейді. Оның үстіне қазір күздің бел ортасы", – дейді маман.

Турнирге Қазақстанның әр аймағынан жүзден астам шабандоз қатысқан.

Олар төрт қашықтықтан тұратын: "жорға жарыс", "құнан бәйге", "кіші аламан" және "үлкен аламан" бәйге бойынша сынға түскен.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құраған.

Ескерту! 18+!

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысының тұрғындары Жаңақорғанда белгісіз дерттен 200 жылқы қырылып қалғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Облыстық ветеринарлар болса, Жаңақорған ауданындағы 4 ауылда індет тіркелгенін растаған еді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақтөбедегі жұмыс сапары кезінде мал шаруашылығын аралап, асыл тұқымды жылқыларға таңдай қаққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880652-nr-sltanda-tken-respublikalyk-turnirde-asyl-tkymdy-at-zorygyp-lgen-video/

pixel