Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Опубликовано:

Тәжвирус
Бразилиядағы коронавирус құрбанын жерлеу рәсімі. Фото: centralasia.media

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада коронавирус жұқтырғандардың рекордты түрде өскенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ақпарынша, соңғы аптада әлемде COVID-19 жұқтырған 2,4 млн адам тіркелген. Бұл пандемия басталғалы расталған рекордты көрсеткіш болып отыр деп жазады centralasia.media басылымы.

Қазіргі уақытта Солтүстік және Оңтүстік Америка қиын эпидемиологиялық жағдайда тұр. Бұл құрлықтарда 12-18 қазан күндері 798 мың коронавирус жұқтыру дерегі анықталған.

Ал жалпы әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 18,8 млн адамды құраған. Бір аптада 16 мыңға жуық науқас қайтыс болса, осыған дейін жалпы көз жұмғандар саны 608 мың.

Ал Қазақстанға келсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылдың 20 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 143 жағдай тіркелді",– делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеген болатын. Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының тәуліктегі өсімі – 0,05%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880699-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-rekordtyk-krsetkiske-zetti/

pixel