Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Опубликовано:

Үкімет қауылысымен Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "экономика" мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2003-2005 жылдары — Қаржы министрінің кеңесшісі.
2005 жылы — Премьер-министрдің кеңесшісі.
2005-2007 жылдары — Премьер-министр Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жылдары — Денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жылдары — "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылы — "Астана" Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ бас консультанты.
2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нүсіпованы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатқан еді.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.
Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880723-sem-nsipova-densaulyk-saktau-vice-ministri-kyzmetine-tagajyndaldy/