Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 3 жасар баладан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі 3 жасар бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбеде 46 жастағы әйел жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін одан ПТР сынама алынып, вирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін оның Ресей еліне барып келгені белгілі болды.

"Шалқар ауданының 28 жастағы тұрғыны өз еркімен сынама тапсырып, одан коронавирус анықталды. Сонымен бірге 3 жастағы ақтөбелік те COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдықты. Бала балабақшаға бармайды. Бұрын әкесі КВИ-дің симптомсыз түріне шалдығып, ұлынан ПТР сынама алынған болатын", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, облыста коронавирус жұқтырған барлығы 3273 адам тіркелген. Олардың 3218-і, яғни, 98,4 пайызы жазылып шыққан. Қазіргі таңда үй карантиніне 71 адам бар.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеген болатын. Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының тәуліктегі өсімі – 0,05%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880730-aktbede-3-zasar-baladan-koronavirus-anyktaldy/

pixel