RU

"Мәселе бір тамшы қанда": Тұрмысқа пәк болып шыққан әйел сырын ақтарды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Күйеуімен сүйіп қосылған келіншек жан сырын ақтарды. 28 жастағы әйел - бүгінде екі қыздың анасы. Ол тұрмысқа пәк болып шықса да, күйеуінен зәбір көріп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Келіншек бар сырын ushbu.hat Instagram парақшасына айтып берді.

"Мендегі мәселе - қыздық перде. Күйеуіммен алғаш қосылған күні қан болмады. Өте қатты ауырсыну болды. Екі күн өткеннен кейін жеке клиникаға бардық. Гинеколог "әйеліңіз әлі қыз, бірақ қан болмауы мүмкін, олай кейбір қыздарда кездеседі" деп шығарып салды. Күйеуім мәз болып қайтты. Бірақ, міне 3 жылдан асты үйленгенімізге, іштей күмәнданды. Орынсыз қызғану, ұру, боқтау, жаман балағат сөздер...",- деді келіншек.

Нәзік жанды өзінің жұбайына адал екенін дәлелдей алмай жүр екен. "Алла алдында адалмын" десе де, күйеуі сенімсіз.

"Ажырасып кетейін десем қимаймын, сүйемін, кетпейін десем, ұрысқан сайын намысыма тиетін сөздер айтып қорлайды. Ақша табу, балаларға көңіл бөлу, отбасы дегенде өте керемет әке. Тек мәселе - сол бір тамшы қанда. Не істесем болады?"-, деп сұрады әйел.

Еске сала кетейік, осыған дейін жеті жыл бойы бөлесімен көңіл қосқан ару жан сырын ақтарғанын жазған едік. Айтуынша, туыстары жастардың некесіне қарсы. Ал махаббатқа мастанған бойжеткен не істерін білмей жүр. Сорақысы, 25 жастағы ару өзінен екі жас кіші туысымен жақындасып үлгерген. Ал қазір басқа жігіттерге, тіпті, назар аударғысы келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880775-msele-bir-tamsy-kanda-trmyska-pk-bolyp-sykkan-jel-syryn-aktardy/