RU

Қырғызстанда жемқорларға ақшаны қайтаруға бір ай уақыт берді

Садыр Жапаров
Фото: gov.kg

Президент міндетін уақытша атқаратын Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров экономикалық рақымшылық жариялады. Оған сәйкес, жемқорлар ақшаны бір ай көлемінде қайтаруы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экономикалық рақымшылық жариялады, оған сәйкес сыбайлас жемқорлар бір ай ішінде елден заңсыз әкетілген капиталды қайтаруы тиіс деп хабарлайды Қырғыз Республикасы Үкіметінің ресми сайты.

Бұл қадам мемлекеттік бюджетті толықтыру, мемлекеттің сыртқы қарыздарын төлеу, заңсыз әкетілген капиталды қайтару, барлық кәсіпкерлер үшін тең жағдай жасау, жақын арада Қырғызстан экономикасын қолдау үшін қаражат табу, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың көлеңкелі ресурстарын құқықтық арнаға шығару үшін жасалған.

Ол соңғы жылдары көптеген салаларда "жүйелі сыбайлас жемқорлық сызбалары" өркендегенін атап өтті.

"Қысқа мерзімде экономикалық рақымшылық жасау және ақша қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін құқықтық база дайындалады", - деді Жапаров.

Мүлікті ерікті декларациялау және ол бойынша салық төлеу кезінде құпиялылыққа және жазадан босатуға кепілдік беріледі. Ал рақымшылықты елемейтіндер заңның барлық қатаңдығы бойынша сотталатын болады.

"Мен сіздерге 30 күн беремін. Барлығын өздері айқындап, осындай фактілер туралы нақты ақпарат бергенін қалаймын. Сіздер заңсыз тапқанның бәрін мемлекеттік қазынаға қайтаруды талап етемін! Мемлекеттен заңсыз алынған әрбір тиынды өз еріктеріңізбен төлеңіздер. Жасырын мүліктеріңіз бен капиталдарыңыз туралы ақпаратты ашыңыздар және ұсыныңыздар! , - деді премьер-министр.

Айта кетейік, Қырғызстанның Бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа сыбайлас жемқорлық жасап, заңсыз байыды және қылмыстық кірістерді заңдастырды деген айып тақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880793-kyrgyzstanda-zemkorlarga-aksany-kajtaruga-bir-aj-uakyt-berdi/