Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы неліктен бір күнде өтеді: ОСК себебін айтты

Опубликовано:

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда мәжіліс пен маслихаттар сайлауы бір күнде өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Заң бойынша мәслихат депутаттарын президент пен сенат депутаттарымен бір уақытта сайлауға болмайды. Осы жолы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын 2021 жылы 10 қаңтарда өткізу ұсынылды. Ал мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын бірге өткізу заңға қайшы емес", – деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында. 

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда осы екі саяси шараны бір уақытта өткізудің арқасында бюджет қаржысын да үнемдеуге болады. Оған қоса, мәжіліс мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі жағынан ұқсас, үгіт-насихатты бір уақытта бастауға да мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгін мәжіліс сайлауының тәртібі жарияланған болатын. Оған сәйкес, кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерге қойылатын талаптар конституциялық заңда көрсетілген. Олар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұру;
  • 25 жасқа толу;
  • бәсең сайлау құқығының болуы.

Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек. Ал бұған дейінгі сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар – Nur Otan, Ақ жол мен Қазақстан коммунистері партиясы жарна төлемейді.

10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат басталады да, 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетін күнді белгілеген болатын.

Оған қоса, мемлекет басшысы парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындауға қатысты үндеуін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880830-mzilis-pen-mslihat-sajlauy-nelikten-bir-knde-tedi-osk-sebebin-ajtty/

pixel