Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте тағы 141 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда шетелдіктерді тегін емдеу туралы шешім қабылдады
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 141 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 907-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 21 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 141 жағдай тіркелді",– делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласында - 14563(+11),

Нұр-Сұлтан қаласында - 14353(+15),

Атырау облысында - 11232(+12),

Қарағанды облысында - 10448(+16),

Шығыс Қазақстан облысында - 9070 (+21),

Батыс Қазақстан облысында - 6935(+6),

Шымкент қаласында - 5219(+3),

Алматы облысында - 5053(+11),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4326(+9),

Жамбыл облысында - 4160(+2),

Павлодар облысында - 4095(+12),

Ақмола облысында - 3588(+9),

Қостанай облысында - 3562(+5),

Түркістан облысында - 3400(+1),

Маңғыстау облысында - 3375(+2),

Ақтөбе облысында - 3278(+5),

Қызылорда облысында - 3250(+1).

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 109 907-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі жұмыс орнында коронавирус жұқтырған ақ халаттыларға берілетін бірреттік төлемнің тоқтайтынын хабарлаған еді.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бір апта ішінде 1,2 есеге өскен. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880849-tken-tulikte-tagy-141-kazakstandyk-koronavirus-zktyrdy/

pixel