Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы жанармай құю бекетінде болған атысқа қатысты тың ақпарат жария болды

Опубликовано:

Атыс
Скриншот: "Астана" телеарнасы

24 жастағы жігіт Оралдағы атыс салдарынан ауыр зардап шекті. Ол мылтықтан жарақат алған. Полиция төбелестің 20 қатысушысын ұстады. Куәгерлер бұл оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана" телеарнасының ақпараты бойынша, күзетші Борис Федурко түнгі атыс туралы әріптесінен білген. Оның айтуынша, кешке қарай қан-жоса болған жігіт оларға жүгіріп келіп, оны әлдебіреулер өлтіргісі келетінін айтқан.

Оның артынан бес адам қуып келе жатыпты. Дереу келіп жеткен полицейлер жігітті өлімнен құтқарып қалған. Барлық жайтты жанармай бекетінде орнатылған камералар түсіріп алды.

"Ол жүгіріп келіп, өзін жасыруды сұрады. Жүгіріп ішке кірді, кезекшілікте болған күзетші оны жасырды. Оның артынан 4-5 адам жүгіріп кірді, оны камерадан да байқауға болады. Олар оны тауып алды, содан кейін полиция келіп бәрін алып кетті. Біздің басшыларымыз полиция шақырды", - деді Борис.

Белгілі болғандай, жігіт ауыр жарақат алған екен, оның ішкі ағзалары зақымдалған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Телеарнаның хабарлауынша, олар мылтықтан оқ атқан.

"Оны жедел түрде операцияға жатқызды. Ота барысында сол жақ өкпенің, асқазан диафрагмасының, жіңішке ішектің, тоқ ішектің, бүйректің, көкбауырдың көптеген жарақаттары анықталды. Оған ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде", - деді облыстық аурухананың қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ербол Есеев.

Факті бойынша 20 адам ұсталды. Оларды уақытша оқшаулағышқа орналастыру туралы мәселе шешілуде. "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде атыс болғандығы анықталған.

Тергеу оқиғаға қатысушылардың нені бөлісе алмағандығын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін біз Оралдағы жанармай бекетінде атыс болғаны туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, Алматы көшесінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880850-oraldagy-zanarmaj-ku-beketinde-bolgan-atyska-katysty-ty-akparat-zaria-boldy/

pixel