RU

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус белгілері бар 181 жаңа пневмония жағдайы анықталды

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Ресми статистикаға сәйкес, тағы 181 қазақстандық 2020 жылдың 21 қазанында коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 181 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 45 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

  • науқастар саны – 36 381,
  • өлім жағдайлары - 390,
  • барлығы 28 363 адам сауығып шықты.

Тәулігіне 3 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды, тағы 84 қазақстандық сауығып кетті. Telegram-дағы "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың ресми арнасының хабарлауынша, қазір Қазақстанда 276 белсенді КВИ жағдайы бар, оның 177-сі балаларда тіркелген. Қазіргі уақытта ауруханаларда 2 118 науқас жатыр, амбулаториялық деңгейде 598 адам ем алуда.

Жалпы ауру жұқтырғандар арасында 101 адамның жағдайы ауыр, 10 науқастың жағдайы өте ауыр дәрежеде деп бағаланады, 15 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 141 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 907-ге жетіп отыр.

Оған қоса, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі жұмыс орнында коронавирус жұқтырған ақ халаттыларға берілетін бірреттік төлемнің тоқтайтынын хабарлаған еді.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бір апта ішінде 1,2 есеге өскен. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880890-kazakstanda-tken-tulikte-koronavirus-belgileri-bar-181-zaa-pnevmonia-zagdajy-anyktaldy/