Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендегі жарылыс дыбыстары тұрғындардың зәресін алды

Опубликовано:

Өскемен
Фото: instagram.com/osa_uka_vko

Кеше Өскемен қаласының тұрғындары қатты гүріл естіді. Жарылыстар түстен кейін орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

КШТ аудандары мен Күленов атындағы ауылдың тұрғындары жарылыстан еден сықырлап жатқанын хабарлаған, деп жазады YK-News.

Сағат 17:20 шамасында екінші жарылыс болған, одан Қазақстан көшесі аумағындағы автомобиль дабылы іске қосылған.

Жоспарланған жарылыс жұмыстары қаланың 25-ші шағын ауданында жүргізілген болып шықты. Инженерлік инфрақұрылымның, кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС жүргізді.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жарылыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде жалаңаш әйелдің нәрестесімен бірге Өскемен көшесінде жүрген сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Видео кадрынан жас әйелдің бағдаршамға тоқтаған көліктердің ішіне кіруге талпынып, жолдың ортасындағы асфальтқа жатып алып, ерсі қылықтар жасағанын байқау қиын емес.

Белгілі болғандай, сол маңда жүрген адамдар оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлерін шақыртқан.

Айта кеткен жөн, Өскеменнің қоғам белсенділері жетім балалар тұруы тиіс үйлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатқанын айтып, дабыл қақты.

Жетімдер өз баспанасын өзгелер алғанына талай рет шағымданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880906-skemendegi-zarylys-dybystary-trgyndardy-zresin-aldy/

pixel