Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімдігі онлайн сабақ оқыған "елестер" жайлы видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

Оқушылар
Видеодан кадр: instagram.com/42500_tenge

Әлеуметтік желіде онлайн сабақ кезінде елес болып киінген балалардың видеосы пайда болды. Роликтің Атырауда түсірілген айтылған. Өңірдің білім басқармасы бейнежазбаға пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Атыраудағы қашықтықтан оқыту міне осылай өтеді. Бұл елестер ме әлде Ку-клукс-клан ба?", - делінген әлеуметтік желідегі видеоға.

Кадрларға қарағанда елеске ұқсағысы келген балалардың өздеріне ақ төсек жаймасын орап, көздеріне қара көзілдірік таққаны көрінеді.

Алайда өңірдегі білім басқармасы желіде таралған видеоның жергілікті оқушыларға қатысы жоқ екенін айтты.

"Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде аталған видеоның біздің өңірге еш қатысы жоқ екенін анықталды", - деді ведомство басшысы Сатқан Есенғалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят екінші тоқсанда оқушылар қандай форматта оқитынын айтып берген еді.

"Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады", - дейді Ажар Ғинаят.

Сондай-ақ Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қалада эпидемиологиялық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-4 сынып оқушылары дәстүрлі форматқа көшетінін мәлім еткен болатын.

Ал екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880952-atyrau-oblysy-kimdigi-onlajn-sabak-okygan-elester-zajly-videoga-pikir-bildirdi/

pixel