Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайлы: Көптеген мерекелік іс-шара өткізетін уақыт емес

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында әлеуметтік кодексті құру қажеттілігі туралы, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жасалуы керек реформалар жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Біздің бір-ақ мақсатымыз – халықтың әл-ауқаты және ортақ үйіміздің өркендеуі. Биылғы жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ қазір бүкіл адамзат тарихында бұл жыл ерекше болды деп сенімді түрде айта аламыз. Әлем драмалық кезеңді бастан кешуде. Коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастардың көптеген мәселесін анықтады. Экономикалық өзара іс-қимылдың қалыптасқан қағидаттарын қайта қарауға, жаңа әлеуметтік тенденцияларға және жаңартылған технологиялық инновацияларға негіз қаланды", – дейді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет институтының күші мен тиімділігі сынақтан өтіп жатыр, ал көптеген жаһандық және аймақтық жобалардың болашағы бұлыңғыр көрінеді. Сонымен қатар кеңінен таралған идеологиялық және философиялық тұжырымдамалар қайта қаралуда, деп атап өтті президент.

Cондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың әлеуметтік тәжірибелері, нормалары және үлгілері айтарлықтай өзгеріске ұшырап жатқанын және мұндай жағдайда мемлекет тұрақтылықты сақтау және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолында өзінің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерінен шығуы керек екенін айтады.

"Қарсыласу логикасы, охлократия идеологиясы – бұл қалпына келуге мүмкіндігі жоқ, тіпті хаос пен қиратуға апаратын жол. Сонымен қатар мемлекет экономикалық немесе саяси талаптар болсын, өз азаматтарының заңды талаптарын ескеруге міндетті. Сондықтан мен түбегейлі жаңа құжат – әлеуметтік кодексті дайындауды ұсындым. Басқаша айтқанда, мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауы керек", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жоғары экономикалық кеңестің алдында экономикалық дамудың мүлдем жаңа тәсілдерін әзірлеу міндеті тұрғанын баса айтты. Атап айтқанда, пандемиядан кейінгі кезеңнің жаңа сын-қатерлеріне қарсы тұруға дайын болу үшін салық пен бюджеттік саясатқа да жаңашылдық қажет.

Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетіндігін еске салды, бірақ бұл салтанат құруға себеп емес, деп толықтырды.

"Келесі жыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық және саяси реформалардың, цифрландырудың, адам құқықтарын қорғаудың, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытудың, қоршаған ортаны қорғаудың белгісімен өтуі керек. Қазір бұл маңызды тарихи датаға арнап, көптеген мерекелік іс-шара өткізетін уақыт емес. Жұмыстарды белгісіз мерзімге кейінге қалдырмай, тез арада нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз", – деп сөзін аяқтады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында адам құқығын қорғаудың маңыздылығы туралы айтты.

Оған қоса, президент әйелдердің басшылық қызметтердегі әлеуетін іске асыру қажеттілігі жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880960-tokaev-tuelsizdikti-30-zyldygy-zajly-kptegen-merekelik-is-sara-tkizetin-uakyt-emes/

pixel