Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін көлігінің капотына мінгізіп алып айдап кеткен (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласындағы жолдардың бірі
Видеодан кадр: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда бұрынғы ерлі-зайыптылардың ұрысы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Ер адам ажырасқан әйелін көлігінің капотына мінгізіп алған. Екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, бұрынғы ерлі-зайыптылар көлікте отырған кезде олардың арасында жанжал туындаған. Келіншек көліктен шығып кеткен. Алайда оның құжатты автокөлік ішінде қалып қойған.

Әйел адам заттарын алмақ болған кезде ер адам көлікті кілттеп алып, жүріп кетіпті. Келіншек көліктің капотына секіріп мінген. Бірақ бұл әрекеті ер адамды тоқтатпапты.

Айта кету керек, жүргізуші қалыпты жылдамдықпен жүрген және басқа көлік иелерінің өзін тотатпақ болғанына мән бермеген. Келіншектің өмірі үшін алаңдаған өзге жүргізушілер жолды көліктерімен бөгеп, ер адамды тоқтатқан.

"Бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығының қызметкерлері бұны байқап, оқиға орнына патрульдік полиция экипажын жіберді", - дейді полиция.

Ер адам да, экстремалды жағдайға тап болған келіншек те полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ерлі-зайыптылар бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ екенін айтқан.

Дегенмен көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Полицейлер жол апатының алдын алуға көмектескен жүргізушілерге алғыс айтты.

Еске сала кетсек, 21 қазанда оңтүстік астанада автобус бірнеше көлікті соғып кеткенін жазған едік.

Жол апатының видеосы Instagram желісіндеі kris_p_almaty парақшасында пайда болған. Кадрлардан іші бос жолаушылар автобусының бірнеше көлікті соғып барып тоқтағанын көруге болады.

Сондай-ақ бүгін, 22 қазанда Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатынан келіншек пен бала жапа шеккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881005-nr-sltanda-er-adam-bryngy-jelin-kligini-kapotyna-mingizip-alyp-ajdap-ketken-video/

pixel