Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көк базар, банк филиалын таңдаған": ҰҚК Алматыда ірі терак жасамақ болғандардың жолын кескен

Опубликовано:

Ұсталған күдіктілер
Фото: knb.gov.kz

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда террористік топтың қалай анықталғаны, оның мүшелері қалай ұсталғаны, сондай-ақ олар 2019 жылдың қаңтарында қай жерде терракт жасауды жоспарлағаны жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Агенттіктің жазуынша, Ауғанстан мен Сириядан келген Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) содырлары Орталық Азияда ірі теракт жасамақ деген ақпаратты ҰҚК қызметкерлері шетелдік серіктестерінен 2018 жылдың желтоқсанында білген.

Ол кезде орны, уақыты, теракт ұйымдастырушылары мен орындаушылар туралы нақты мәлімет болмаған.

Басылымның мәліметінше, әртүрлі елдердің барлау қызметтері арасындағы ақпарат алмасу аясында кез келген ақпарат барынша мұқият сүзгіден өткізуді қажет етеді.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері теракт дайындап жатқан басты күдіктіні – ақша табу мақсатында Алматыға келген Орталық Азия елдерінің бірінің азаматын анықтайды. Операцияның басынан-ақ күдіктінің қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыға қажетті заттарды іздеп жүргендігі туралы ақпарат түскен.

Күдікті жарылғыш құрылғыны жасау бойынша барлық нұсқаулықты Ауғанстан мен Сириядағы жетекшілерінен онлайн режимде алған. ҰҚК күдіктінің шетелдік жетекшілерімен байланысын анықтап, ол туралы қажетті мәліметтерге қол жеткізген.

22 жастағы күдіктінің жарылғыш зат дайындау үшін химиялық заттар сатып алғаны белгілі болған. Күштік құрылымдар жігіттің адам көп жүретін жерлерге жиі баратынын да байқаған.

2019 жылы 10 қаңтарда таңертең ҰҚК-ның арнайы жасағы коттеджге кіріп 10 адамды қамауға алған.

Тінту кезінде олар дайын жарылғыш құрылғы мен келесілерін әзірлеуге қажетті заттарды табады. Мамандардың бағалауы бойынша, тәркіленген құрылғы жарылған уақытта 10 метр аумақтағы барлық тіршілік атаулыны жойып жіберер еді.

ҰҚК мәліметінше, террористер теракт жасау үшін Алматының көк базарын, екінші деңгейлі банктердің бірінің филиалын және қалалық полиция бөлімшесін таңдаған.

Террористік топтың ісін тергеу алты айдан астам уақытқа созылды, бұл радикалдардың шетелдегі барлық байланысын анықтауға мүмкіндік берген.

Г. Қасыммен бірге топты 35 жастағы Х. Давлат есімді азаматтың басқарғаны белгілі болды. Ол бірнеше жыл бойы шетелде діни фанаттардың астыртын курсында оқығандықтан, лаңкестердің басты идеологы болған.

Осылайша, екі экстремист әлеуметтік желі арқылы Ауғанстаннан Шахомад және Сириядан Әбу Усама есімді содырлармен байланыс орнатады. Аз уақыт ішінде террористердің идеясымен "қаруланып" шыға келген екі радикал бірнеше отандасын өз тобына қосады.

Г.-нің талап етуімен содырлар "халифа" Әбу Бәкір әл-Бағдадиге адал қызмет ету туралы антын видеоға түсіріп, Ауғанстандағы жетекшіге жіберді. Жауап ретінде шетелдік жетекші Г.-ге жарылғыш құрылғыны жасау, сондай-ақ топтың басқа мүшелері үшін қалалық жерде террористік әрекеттердің тактикасы жайлы нұсқаулықтар береді.

Терактінің 2019 жылдың 15 қаңтарына жоспарланғаны анықталды.

Олар Алматыдағы терактіден кейін қашып кетіп, өз елінде бірнеше жарылыс жасамақ болмақ.

"Қылмыскерлерде Алматының, жалпы республикамыздың тұрғындарын өлтіруге қатысты қандай да бір себеп болмаған: террористер адамдарды бар болғаны дінге сенбейтін "кәпірлер" деп санаған, сондықтан қай жерде болғанына қарамастан, олар жойылуы қажет деп есептеген" , - деп атап өтті Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті.

2019 жылдың қыркүйегінде содырларға сот үкімі шығып, олар 14 жылдан 18 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Тағы үш азамат Қазақстаннан депортацияланған.

Сондай-ақ шетелдік жетекшілердің бірі Ауғанстанда, екіншісі Сирияда қолға түскен.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 25 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Instagram желісіндегі парақшасына Ибн аль-Джаузидің идеяларын насихаттайтын материалдар салған Атыраудың 22 жастағы тұрғыны жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881021-kk-bazar-bank-filialy-kk-almatyda-iri-terak-zasamak-bolgandardy-zolyn-kesken/

pixel