Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармация" басшысы айына қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Ерхат Есқалиев1
Фото: finance.kz

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын мәлім етті. Бұл туралы ол "Хабар 24" арнасына берген сұхбаты барысында айтты.

Есқалиевтің сөзінше, оның айлық табысы 1 млн 300 мың теңге. Ал оның орынбасары 900 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Басқарушыларының айлығы 450 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейін екен.

Сондай-ақ сұхбат барысында "СҚ-Фармация" төрағасы коронавирустың екінші толқынына дайындық жайлы айтты. Оның айтуынша, қоймада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған.

Ең нашар сценарий бойынша, бұл препараттар шамамен 60 мың пациентті емдеуге жетеді.

Ерхат Есқалиевтың айлық табысы жайлы айтқанын сұхбаттың 19:00 минутынан бастап көре аласыз.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін бірнеше шенеунік өздерінің жалақысын жария еткен еді. Мәселен, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айлық табысы 387 мың теңге.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде қолына 380 мың теңге алатын болып шықты.

Осыған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген болатын. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.

Сонымен қатар таяуда Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманислам айына қанша жалақы алатынын айтқан еді. Оның мәліметінше, айлық табысы 484 363 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881051-sk-farmacia-bassysy-ajyna-kansa-zalaky-alatynyn-ajtty/

pixel