Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы әлемнің белді сыншылары не дейді

Опубликовано:

Борат
Фото: Amazon Studios

Әлем сыншылары атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы өз ойын ортаға салды деп жазады boston.com.

"Борат" фильмі алғаш шыққан күннен бастап 14 жыл өткеніне қарамастан, фильмнің жалғасы түсіріліп, оның желісі де жария болды.

Фильм желісіне сәйкес, Борат өз қызы Мария Бакалованы вице-президент Майк Пенске сыйға тартпақ болады.

Сәрсенбі күні әлемнің белді киносыншылары фильмнің жалғасына өз бағасын бергеннен кейін "Боратқа" деген көрермен қызығушылығы арта түскен. Осы орайда киносыншылардың пікірін назарға ұсынамыз.

Айтарлықтай әсер алмағандар

Boston Globe сыншысы Тай Берр

Тай Берр фильмнің жалғасы 2006 жылғы жетістіктерін қайталай алмағанын сөз еткен.

"Алғашқы фильмі күлкілі шок тудырған еді. Ал 14 жылдан кейінгі жалғасы жартылай ғана әсерлі болып шыққан", - дейді ол.

Associated Press сыншысы Джейк Койл

Джейк Койл да фильмнің жалғасы айтарлықтай сәтті шықпағанын айтқанымен, фильмнің күлкілі болып шыққанын алға тартқан.

"Бораттың жалғасы сіздің ішек-сілеңізді қатыра алады", - дейді ол.

Оң баға бергендер

Washington Post басылымының сыншысы Майкл О’Салливан

Майкл О’Салливан бұл фильм күнделікті жағымыз жаңалықтардан мезі болған жандардың миын тынықтыруына жақсы көмектеседі деген пікірде.

"Бұл комедия - ашық жараға таңылған пластырьды жұлғаннан кейін болатын қатты ауырсыну мен артынша жеңілдеп қалу сезіміне ұқсас сезім тудырады", - дейді ол.

The Globe and Mail басылымының сыншысы Барри Герц

Барри Герц болса, фильмнің жалғасы әлемге дәл қазір керек дүние екенін алға тартқан.

"Жаңа фильм 2020 жыл мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Фильм жиіркенішті жылдың жай-жапсарын 95 минуттық комедияға сыйдыра алған", - дейді ол.

RogerEbert.com сайтының сыншысы Мэтт Золлер Зейтц

Фильмге үш жарым деген баға берген Мэтт Золлер Зейтц комедияны керемет деп санайды.

"Саша Барон Коэннің фильмі тамаша комедия. Ебедейсіз әрі батыл қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің басынан өткерген жағдайлары әзілдерге толы", - дейді ол.

Теріс баға бергендер

Los Angeles Times сыншысы Джастин Чанг

Джастин Чанг фильмге нашар деген баға берген.

"Бораттың сатирикалық екпелері осы жолы айтарлықтай күшті шықпаған, ұстанымдары тым шырмалған, жасырын мақсаттары тым жеңіл, ал түйіні мардымсыз", - дейді ол.

New York Times сыншысы Девика Гириш

Девика Гириш фильм сыпайылыққа емес, сенгіштікке көбірек ден қойғандықтан, алғашқы бөлігімен салыстырғанда сәтсіз шыққан деген пікірде.

"Барон Коэн Times-қа сұхбатында фильмді сайлау алдында шығару арқылы әйелдердің кімге дауыс беріп жатқанын еске салуды көздейтінін айтқан. Алайда билік әйел біткенді жек көретінін ашық көрсетіп жатқан кезеңде, бұлай қоғамдық масқара етуге сенім білдіру маған орынсыз көрінді. Бораттың әрекеттері менде ашу да, күлкі де тудырмады, тек көндігу сезімін қалдырды", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Сиднейде Бораттың алып мүсіні қойылып, еліміздің туын көтергендер флешмоб билегенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Нью-Йорктегі қазақ-полицей "Борат-2"-ге қарсы митингке шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881065-atysuly-borat-filmini-zalgasy-turaly-lemni-beldi-synsylary-ne-dejdi/

pixel