RU

"Қоғамға керек": Көпбалалы әке интимдік қызмет көрсететін жігіттерді жазаламауды сұрады

Жезөкшелікпен айналысатын жігіттер
Көрнекі фото: factroom.ru

Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері және көпбалалы әке Ерлан Нұрпейісов жезөкшелікпен айналысатын азаматтарды жазаламауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол интимдік қызмет көрсететін азаматтар жайлы өз Facebook парақшасында жазды.

"Әсіресе, әйелдерге сексуалды қызмет көрсеткен азаматтардың ұсталғаны түсініксіз және көңілді қынжылтады. Бұл тікелей және ауыспалы мағынада да "бір сағатқа арналған азамат" емес пе? Серіктес ретінде жарамсыз алқаштар мен нашақорлар көбейген заманда мұндай қызмет қоғамға керек",- деді Ерлан Нұрпейісов.

Кәсіпкердің айтуынша, дұрыс емес тамақтану, таңнан кешке дейін бір орында отырып жұмыс істеу және семіздік ерте белсіздікке әсер етеді. Ал нәзік жандылар үшін "тонусты" сақтап, өз денсаулығына күтім жасау маңызды.

"Ал дені сау әйелде тұрақты төсек қатынасы болмаса, қатерлі дертке шалдығуы мүмкін. Сондықтан, аптасына бір рет көршіңді немесе әріптесіңді бөтелкемен шақырғанша, кәсіби маманды алдырған дұрыс. Беделіңе де нұқсан келмейді", - дейді көпбалалы әке.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанда төсек қатынасына рұқсатты Egov арқылы рәсімдеу ұсынылғанын жазған едік.

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде лезде тарап үлгерді. Қоғам қайраткері және жерлесіміз Аида Джексон Facebook желісінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдадқа Қазақстанда жыныстық қатынасқа электронды келісім енгізу бойынша озық жобаны бастау ұсынысымен жазба жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881074-kogamga-kerek-kpbalaly-ke-intimdik-kyzmet-krsetetin-zigitterdi-zazalamaudy-srady/