Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық компания бірегей инновациялық сандық платформаны көпшілікке ұсынды

Опубликовано:

Салтанатты іс-шара
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшысы - BI Group холдингі өзінің сандық сервистерін салтанатты түрде таныстырды. Онлайн шараға 22 мыңнан астам адам тіркелді, бұл елдегі осындай іс-шара үшін рекордтық көрсеткіш. Сандық сервистердің жиынтығы әрбір клиенттің тұрмыстық мәселесін жылдам шешуге көмектеседі. Арнайы қосымша арқылы азық-түлікке тапсырыс беруден «ақылды үйге» дейінгі қызметтерді табуға мүмкіндік бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таныстырылымда ұсынылған сервистердің алғашқысы - BI Click жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу және рәсімдеу қызметі. Коммерциялық директор Әсел Жүнісованың айтуынша, енді клиенттер жылжымайтын мүлікті смартфондағы бір ғана батырма арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Әсел Жүнісова
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Алдағы уақытта олар құрылыс барысын онлайн камералар арқылы да қадағалай алады. Одан бөлек, құрылыс салушыдан таза әрлеуге, жиһаз бен техникаға тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Ал жөндеу жөніндегі мәселелерді барынша азайту мақсатында холдинг Smart Remont сервисін құрған. Smart Remont клиенттерге күш-жігері мен уақытын, қаражатын үнемдеуге, жөндеуді жоспарлап, ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қызметтер жиынтығы қысқа мерзімде жеткізілетін төмен бағадағы құрылыс материалдарын ұсынады. Сервис пәтерге жиһаз бен техника таңдауға да жәрдемдеседі. Smart Remont CEO маманы Сырымбет Ысқақовтың сөзінше, екі жыл ішінде Қазақстандағы бірегей өнім стартаптан бастап ірі компанияға дейінгі жолды жүріп өткен.

Ал тұрғын үйін жалға беруді жоспарлаған клиенттер BI Rent сервисін қолдана алады.

Салтанатты іс-шара
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Ол үшін BI Clients қосымшасына кіріп, пәтер туралы ақпаратты, ыңғайлы күн мен уақытты таңдау жеткілікті. Содан соң компания қызметкері пәтердің 3D цифрландыруын әзірлеп береді. Жарнама BI Rent веб - сайтында пайда болады.

BI Clients қосымшасының басқа мүмкіндіктері де жетерлік. Мәселен, клиенттер бұл сервис арқылы үй шығындарын бақылап, коммуналдық және сервистік қызметтерді төлей алады, сондай-ақ, мұнда орындалған жұмыстар бойынша есептерге қол жеткізу мүмкіндігі де беріліп отыр.

BI Group холдингінен пәтер алған клиент бірден үлкен жанұя мүшесі атанады. Ал алдағы уақытта холдинг клиенттеріне қолайлы лояльділік картасы телефонға енгізілмек. Енді клиенттер тек пәтерге жеңілдікке ие болып қана қоймай, үйге жиһаз немесе тауар сатып алғанда, кофехана мен сұлулық салонында, сондай-ақ, фитнес-орталықтарда ақша төлегенде 25 пайызға дейін кешбэк ала алады.

Артем Жук
Фото: BI Group баспасөз қызметі

BI Group әріптестері ұсынатын Cleaning сервисі де барлық клиенттер үшін қолжетімді.

«Пәтер тұрғыны тек жиналатын үй-жайдың, алаңның типін және ыңғайлы уақытты көрсетуі керек. Ал қалған іспен кәсіби мамандар айналысады»,- дейді BI Group Даму басқармасының директоры Артем Жук.

Холдинг клиенттерінде енді тікелей фермерлік шаруашылықтардан үйге жеткізумен табиғи әрі экологиялық таза азық-түлікке тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды. «Ферма» сервисі өнімнің сапасы мен дайындалу мерзімі мінсіз боларына уәде береді. Тұтынушылар бұл қызмет үшін де арнайы қосымшаны пайдалана алады.

Ал клиенттерге қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз ету үшін әзірленген Connected Home жүйесінде негізгі 5 датчик бар. Олар: ашық есіктер, өрт қауіпсіздігі, қозғалыс және судың ағып кетуі, температура датчигі. Сондай-ақ, «Ақылды үй» жүйесімен үйде не болып жатқанын смартфон арқылы-ақ білуге және басқаруға мүмкіндік бар. Connected Home жүйесінің одан өзге мүмкіндіктері де көп.

Мұхтар Қуанышбайұлы
Фото: BI Group баспасөз қызметі
«2021 жылдан бастап BI Group салған барлық үйлер «Ақылды үймен жабдықталатын болады»,- дейді Connected Home CEO маманы Мұхтар Қуанышбайұлы.

2019 жылдың соңында онлайн-сервистердің көп бөлігі әзірленген соң компания оларды бір механизмге біріктіруді шешкен. Осылайша, бүгінде жоғарыда аталған сандық қызметтердің барлығы BIG App қосымшасына енгізіліп отыр. Алаң мобильді қосымша форматында жұмыс істейді және жеке үй иелеріне де, ірі компанияларға да қолжетімді.

Биыл BI Group холдингіне 25 жыл. Директорлар кеңесі төрағасы Айдын Рахымбаевтың сөзінше, осы уақыт ішінде компания 4 млн шаршы метрден астам үй салған. Бүгінде онда 200 мыңнан аса адам тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881136-kazakstandyk-kompania-biregej-innovacialyk-sandyk-platformany-kpsilikke-syndy/

pixel