RU

ПТР-тест тапсырғандарды 5G көмегімен бақылайды деген ақпарат қаншалықты рас

5G интернет
Көрнекі фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде авторы неміс дәрігері ПТР-тесттерге арналған зондтарды тексеріп, олардан металл қапсырмаларды тапты деп мәлімдеген жалған ақпарат белсенді түрде тарап жатыр. Кейбір қолданушылардың айтуынша, олар жұтқыншақта қалады және 5G сигналын қабылдайды, сол арқылы олар адам ақылын басқара алады.

Stopfake.kz бұл теорияның неліктен негізсіз екенін айтты.

Біріншіден, ПТР тестілері вискозды тампондары бар арнайы полистирол зондтарын қолдана отырып алынады. Оларда металл бөлшектері болмайды.

Скриншот
Фото: stopfake.kz

Екіншіден, 5G ақыл-ойды басқару үшін қолдану мүмкін емес. Бұл тек ұялы байланыстың жаңа буыны болып есептеледі. Ол қолданыстағы және таныс 3G және 4G сияқты принциптер бойынша жұмыс істейді. Әлемде біреудің ақыл-ойы олардың көмегімен басқарылған жағдайлар болған емес.

5G-дің айырмашылығы – бұл формат жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді, яғни кең жолақты интернетті қолжетімді етеді. Сонымен қатар, алғашқы Pre-5G базалық станциясы 2015 жылы Барселонада іске қосылған. 2016 жылы бұл технология алғаш рет Ресейде сынақтан өтті. Содан кейін ол деректерді беру жылдамдығын 4,5 Гбит/с қамтамасыз еткен.

Үшіншіден, 3G және 4G сигналдарын металдың көмегімен ұстау мүмкен емес екенін айдан анық. Сол тұжырым жаңа форматтағы желіге қосылуға қатысты болады. Бұл үшін кем дегенде бір антеннасы бар және интернетке қосылуға қабілетті смартфон, планшет немесе басқа құрылғы қажет. Бүгінгі таңда көлемі айтарлықтай кішкентай, тіпті микроскоп арқылы ажыратуға болатын антенналар жоқ.

Осылайша, ПТР-тесті көмегімен адамға енгізілетін 5G-таратқыш металл бөлшектері туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде жақында күллі халыққа вакцина арқылы чип енгізіледі деп сендірген және азаматтарды "роботтандыруға" наразылығын білдіру үшін хабарламаны таратуға шақырған белгісіз біреудің аудиожазбасы тараған болатын.

Оған қоса, Microsoft негізін қалаушы, миллиардер әрі филантроп Билл Гейтс адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881139-ptr-test-tapsyrgandardy-5g-kmegimen-bakylajdy-degen-akparat-kansalykty-ras/