Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та коронавирусқа қарсы алғашқы препарат тіркелді

Опубликовано:

АҚШ препараты
Фото: centralasia.media

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) коронавирусты емдеуге арналған препаратты алғаш рет тіркеді деп хабарлайды сentralasia.media.

Алғаш болып АҚШ-та осы көктемнен бастап шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілетін "Ремдесивир" препараты тіркеуден өткен.

Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус ұйым зерттеуіне сәйкес, "Ремдесивир" коронавирусты емдеудегі тиімділік көрсетпегенін мәлімдеген еді.

Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айының басында коронавирустан емделу үшін "Ремдесивир" препаратын қолданған деп жазады басылым.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 179 адам тіркелді.

Ал бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қатысты қала тұрғындарына үндеу жасап, халықты босаңсымауға шақырған еді. Себебі вирус ешқайда кеткен жоқ деген еді ол. Көлгіновтің сөзінше, шаһарда қазір COVID-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды.

Сонымен қатар халықаралық әуе рейстерімен келетін қазақстандық жолаушыларға қосымша карантиндік шектеулер енгізілгенін хабарланған болатын.

Жаңа ережеге сай, енді 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін мерзімі 72 сағаттан аспаған, коронавирусқа тапсырған тестінің анықтамасы болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881156-aks-ta-koronaviruska-karsy-algasky-preparat-tirkeldi/

pixel