RU

Қазақстаннның тағы бір қаласында карантин күшейтілді

Карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

24 қазаннан бастап Балқашта карантин күшейеді. Қалада қоғамдық көлік қызметінің жұмысы мен жеке көлікте жүруге шектеулер қойылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқашта 65 жастан асқандар мен кәмелет жасына толмағандарға ата-аналарынсыз көшеге шықпауға кеңес беріледі.

Адамдар жаппай жиналатын орындар: скверлер, саябақтар, жағалаулар мен үй аулаларындағы балалар алаңын жабу туралы шешім қабылданған.

Еріктілердің жұмысы іске қосылып, адамдарды кәсіпорындарға таситын жұмыс автобусынан басқа қоғамдық көліктердің жұмысын шектеледі.

"Балқаш станциясы мен Қоңырат шағынауданын қоса алғанда, қалада жеке көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін тыйым салынады. Құқық қорғау, арнайы қызметтер мен медициналық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда.
Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады. Азық-түлік дүкендері мен сауда нүктелері тек 22.00-ге дейін жұмыс істей алады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шаштараздар, сұлулық салондары, моншалар мен сауналар тек алдын ала жазылу бойынша, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыс істейді.

Бұрынғыша медициналық маска тағу міндетті.

Қаланы полицейлер күзетіп, көшеде үш адамнан артық жиналмауын бақылайтын болады. Әскери бөлімшелердің 50% кем емес қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ кеше, 22 қазаннан бастап Оралда қосымша карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881201-kazakstannny-tagy-bir-kalasynda-karantin-ksejtildi/