Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәрі ойдан құрастырылған: Елді дүрліктірген "Борат" туралы не білеміз

Опубликовано:

Борат ту ұстап тұр
Фото: kinopoisk.ru

Бүгін британдық әзілкеш Саша Барон Коэннің «Борат-2» фильмінің премьерасы болып жатыр. Ал осыдан 14 жыл бұрын оның алғашқы бөлімі көрерменге жол тартып, қатты сынға ұшыраған еді. Қазақстанда прокатқа шықпаған атышулы фильм туралы шын мәнінде не білеміз? KAZ.NUR.KZ порталы «Бораттың» шығу тарихына үңіліп көрді.

Борат Сагдиев кім?

Борат - британдық әзілкеш Саша Коеннің ойдан шығарған кейіпкері. Ол - шала сауатты, сұрақты көлденеңінен қоя салатын, былапыт сөйлеп, отандастары (қазақстандықтар) жайында ойдан құрастырылған әңгімелерді айтып, жұртты алдап жүрген қазақ журналисінің прототипі. Борат бүкіл әлемге Қазақстан туралы шындыққа жанаспайтын пікір қалыптастырып, қазақстандықтардың сынына ұшырады. Қазақстанда бұл фильм ресми түрде прокатқа шыққан жоқ.

Бас кейіпкер қалай пайда болды?

Саша Барон Коэн өмірде болмаған Борат Сагдиев, рэпер Али Джи және гомосексуалист Бруноны сонау 2000 жылы ойлап тапқан. Аталған кейіпкерлер алғаш рет музыкалық телеарналардың бірінде көрсетілген. 2006 жылы кинотеатр экрандарынан кинокартина «Борат: Қазақстан халқының игілігі үшін америка мәдениетін зерттеу» деген атаумен көрсетіле бастады. Фильмде басты кейіпкер қазақ журналисі Борат Сағдиев АҚШ-та саяхаттап жүріп, түрлі адамдармен және олардың мәдениетімен танысады.

Саша Барон Коэн Борат рөлінде

Фильмнің сюжеті қарапайым болса да, видеоқатары көптеген саясаткерлер, журналистер мен кинорежиссерлер тарапынан сынға ұшырады. Сонда да аталмыш кинолента үлкен аудитория жинап, «Алтын Глобусқа» ие болды.

Кинокартинаның танымал болуының себебі не?

Фильмнің танымалдылығы ондағы басты рөлдегі кейіпкердің ебедейсіз әрекеттері мен қылықтары болуы мүмкін. Туынды түсіруші топтың өміріне қауіп төнетіндей жағдайларда түсірілген. Картинаның режиссері - Ларри Чарльз, ал Саша Барон Коэн сценарий авторының бірі әрі продюсері болды. Тағы бір қызығы – кадрдағы кейіпкерлер қазақ тілінде емес, румын тілінде сөйлейді

Премьераға жақын қалған уақытта қызық жағдай орын алған. Фильм түсірілген румындық Глод ауылының тұрғындары режиссерге қарсы сотқа ұжымдық арыз тастап, алданып қалғандарын жеткізді. Сөйтсе Саша Барон Коэн аталған ауыл тұрғындарына румын халқының ауыр тағдырын түсіруге келгендігін айтқан екен.

Лентаның актерлық құрамы арнайы таңдалмапты. Түсірілімде болған адамдар соңына дейін өздерінің киноға түсіп жатқандарын білмеген.

Саша Коэннің фильмі Қазақстан билігі мен америкалық саясаткерлер тарапынан қатты сынға ұшырады. Қазақстан бұл фильмге ресми түрде тыйым салмады, тек көрсетуге ұсынылмайтын фильм қатарына енгізді.

Кейіпкердің өмірбаяны бүге-шігесіне дейін ойластырылған. Борат 1972 жылы Кушкекте туған. Ата-анасы – Әсімбала Сагдиева, Зорлықшы Болток. Бораттың әйелінің аты – Оксана Сагдиева.

Сагдиевтер отбасы үлгі аларлық жанұя емес: басты рөлдегі кейіпкер өз әпкесін жезөкше деп атайды, онымен төсектес болуға да кетәрі емес, ал туған бауырын ақымақ санайды. Бораттың 3 ұлы 19 немересі бар.

Сюжет бойынша Борат Астанада білім алып, соның арқасында журналистика, ағылшын тілі және оба ауруын зерттеуде жетістікке жеткен. Борат фильмде өзінің герпес, гонорея және сифилис вирустарын тасымалдаушы екенімен мақтанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881207-bri-ojdan-krastyrylgan-eldi-drliktirgen-borat-turaly-ne-bilemiz/

pixel